«5-10-20» арқылы үй алудың жолы қандай?
«5-10-20» арқылы үй алудың жолы қандай?
415
оқылды
Жаңа жобаның негізгі артықшылығы мынадай: Біріншіден, несие мөлшерлемесі 5% (сіз алатын несиеге банк қосатын жыл сайынғы процент). Бұл басқа ипотекалық бағдарламалармен салыстырғанда ең төменгі әрі шарттары тиімді несие мөлшерлемесінің бірі. Бұдан төмен 3,5%-ті тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынып отыр. Оның шарты бойынша 3 жыл немесе одан да көп мерзім ішінде үй құнының 50%-ын банкке салу керек. Мысалы, 10 млн теңге болатын үйдің 5 млн теңгесін 3 жылда жинап үлгерсеңіз ең төменгі 3,5%-пен несие аласыз. Құны 10 млн теңге тұратын үйдің 5 млн теңгесін 3 жылда жинамаған жағдайда, банк есептейтін 5% қалған 5 млн теңгеге емес, жалпы үй бағасы - 10 млн теңгеге есептелінеді. Бұл шарттың барлығы орындалмаған жағдайда ипотека 6-7%-пен беріледі. Екіншіден, «5-10-20» бойынша бастапқы жарна 10%-тен басталады. Яғни үй бағасының 10%-ін қолма қол ақша ретінде төлеу керек.  Қазақстандағы барлық ипотекалық бағдарламалардың ішінде осы «5-10-20» және «Бақытты отбасында» ғана 10% (ең төменгісі) алғашқы жарна төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Қалған ипотекалық бағдарламаларда үй бағасының 15% бен 35% аралығында (әр банкте әрқалай) суммасын алғашқы жарна ретінде төленеді. Үшіншіден, несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін. Төртіншіден, «5-10-20» бағдарламасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.  

Табыс көзі төмен болса...

Әр ипотекалық бағдарламаның өз талап-шарттары бар. «5-10-20» әлеуметтік осал топтарға бағытталған бағдарлама болғандықтан негізгі талаптарының бірі отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан төмен болуы тиіс. Биыл базалық әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған күнкөріс минимумы - 32 668 теңгені құрайды. «5-10-20» арқылы үй алу үшін әр отбасы мүшесінің табысы 101 271 мың теңгеден аспауы тиіс. 5-10-20 5-10-20

 «5-10-20-ның» талаптары қандай?

Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр. Ұсынылған талаптар мынандай: - Баспана бағасы Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды; - Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды; - Басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспауы тиіс. Әкімдіктер салған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі: Алматы қаласында 240 мың теңгеге дейін; Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта 220 мың теңгеге дейін; Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта 200 мың теңгеге дейін; Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында 180 мың теңгеге дейін; Басқа аймақтарда 160 мың теңгеге дейін болуы тиіс. 5-10-20