Балабақшадағы 3 жасар баладан коронавирус табылды
Балабақшадағы 3 жасар баладан коронавирус табылды
©Сурет интернеттен алынды
124
оқылды
"Оған инфекция әкесінен жұққан, ол Солтүстік Қазақстан облысынан тыс жерлерге сапар шеккен. Сараптама нәтижесі отбасының 4 мүшесінен де коронавирус инфекциясын анықтады" деп хабарлайды Петропавловск.news. 7 маусымда науқаспен байланыста болған барлық тұлғалары тексеруден өтті. 8 маусымда олардың да нәтижесі оң болып шықты. Олардың ішінде 2017 жылы туған бір бала бар. Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.
"Бала балабақшаға барып жүрген. Балабақшадағы науқаспен байланыста болғандар анықталды. Жақын байланыстағылар - 23 адам, оның ішінде баланың тобындағы 18 бала және балабақшаның 13 қызметкері бар. Қызметкерлер арасынан екі әлеуетті байланыс анықталды. Барлығынан анализ алынып, зертханаға жіберілді. Нәтижесі жақын күндері жарияланады", - деді Жұматаев.
Балабақша бала соңғы рет болған күннен бастап 14 күнге карантинге жабылды. Науқастармен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды.