Бүгін сағат 15:13 шамасында Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Бекжан» базарының алдындағы автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектерінен өрт шыққан.
[embed]https://youtu.be/qkAw00rIQ6w[/embed]
Тілсіз жауды ауыздықтауға Шымкент қаласындағы ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 техникасы жұмылдырылған. Бұл туралы қалалық баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізде болса, бұрынырақта болған "Бекжан" базарында болған үлкен өрт салдарынан сауда орны енді еңсе тіктеп келе жатқан еді. Н. Назарбек.