Вьетнамда алтынмен көмкерілген қонақүй ашылды (фото)

Вьетнамда алтынмен көмкерілген қонақүй ашылды (фото)

Бес жұлдызды қонақүй Вьетнам елінің астанасында орналасқан. 25 қабаттан  тұратын Dolce Hanoi Golden Lake қонақүйнің іші-сыртына дейін алтынмен көмкерілген. Ғимараттың кіреберісі ғана емес, төбесі, қабырғасы, терезесі, тіпті есіктің тұтқасына дейін 24 каратты алтынмен жалатылған. [caption id="attachment_49861" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] 5 мың шаршы метрді алып жатқан қонақүйде 342 номір бар. Бөлмелер де, оның ішіндегі жиһаз, тіпті унитазға дейін алтынмен қапталған. Бұл ғимарат 10 жыл бойы тұрғызылған екен.