Балалардың барлығы бақытты болу үшін жаралған...
Балалардың барлығы бақытты болу үшін жаралған...
342
оқылды
Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев Тараз қаласында  үшемді дүниеге әкелген Самұратбаевтар әулетіне  арнайы ат басын бұрып,  балалардың жағдайын сұрап, сый-құрмет көрсетіп қайтты. қамқор - Тараздық үшемге арнайы келдім. Үш батырға – үш балалар арбасын сыйлап отырмын. Сондай-ақ, сіздерге арналған  азық-түлік себеттеріміз бар. Партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сіздер сияқты жанұяларға, басқа да балаларға бас-көз болуды берік тапсырған болатын. Одан бөлек, өздеріңізден   партияға  өтініш те  келіп түсті. Бірден барып қайтуға бел будым.   Сәбилеріңізге  Нұриман, Нариман және Нұрислам деп ерекше есім қойған екенсіздер. Балапандар  аттарына заты сай болып, ел тұтқасын ұстайтын азаматтар болып өссін!, - деген  Б.Нарбаев бөпелер мен отбасына арналған сыйлықтарын табыс етті. қамқор Жалпы еліміздегі жетекші партияда «Бақытты отбасы» атты  партиялық жобасы бар. Жобаның мақсаты -  қазақстандық отбасылар мен балалардың жағдайын жақсарту. Аталған жобаны жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында  атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Атап айтсақ,  жыл басында «2020-2021 жылдарға арналған жол картасын» бекітілсе,  соған сай бүгінгі күнге «Бақытты отбасы» орталығы ашылып, ана мен балаға көп көмегі тиюде. Сонымен қатар, осы жоба аясында «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы 30 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетіп, қиын кезеңдерде демеу жасады. Міне, осы сынды игі істерді  партия өңірлік филиалы жүйелі жандандырып, көпке үлгі болар іс жасауда.  

Саятхан Сатылғанов,

Жамбыл облысы