Маңғыстауда балаларды итбалықтар тістеген (видео)
Маңғыстауда балаларды итбалықтар тістеген (видео)
©Сурет интернеттен алынды
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақаттанғандардың ең кішісі - 6 жаста болса, үлкені 20 жаста екен. Екеуін жедел жәрдем тобы Түпқараған аудандық ауруханасында жеткізсе, қалған үшеуі ауруханаға өздері келген.  [embed]https://youtu.be/dmXsNdtN674[/embed] "Оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Бірінің сол жақ білегі, енді бірінің оң қолын тістегенін көрдік. Оларға алғашқы көмек көрсетіп, қажетінше хирургиялық емдеуден өткізілді. Оған қоса, құтыруға қарсы вакцина салынды" делінген хабарламада. Шомылу маусымында дәрігерлер халықты сақ болуына шақырады.