Қазақстанда дипломның шынайылығын тексеретін онлайн қызмет іске қосылады
Қазақстанда дипломның шынайылығын тексеретін онлайн қызмет іске қосылады
© сурет интернеттен алынды
167
оқылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда дипломның шынайылығын тексеретін қызмет іске қосылатынын хабарлады.
«Жұмыс берушінің дипломның шынайылығын онлайн тексеруі үшін дипломдарды цифрландыру ұсынылды. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Білім министрлігі қазір дипломдардың деректер базасын толықтырып жатыр. Жыл соңына дейін дипломның шынайылығын тексеретін сервисті іске қосу жоспарланған», – деп жазды министр Facebook желісінде.
Министрдің айтуынша, тұрғындар аурухана қағазын электронды форматқа ауыстырып, декреттік төлемдердің проактивті көрсетілуін ұсынған.
«Бұл мәселе де ведомствоаралық комиссия отырыстарында көтерілген. Жүкті әйелдер ХҚО-ға келіп әуре болмауы үшін босануға дейінгі және декреттік төлемдерді проактивті форматқа ауыстыру ұсынылған. Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктеріндегі әріптестермен кездесіп, проактивті форматқа ауыстыруды жеделдету туралы уағдаластық. Жақын арада оның нәтижесін хабарлаймын», – деді А. Жұмағалиев.