Бастық болды, бассыз кетті
Бастық болды, бассыз кетті
Мем­қызметшілердің әлеу­мет­тік желілердегі бейәдеп фо­­толары да қоғам сынына се­­беп. Осы орайда, Үкімет шен­­­­ділердің Этика кодексін жаңартуға шешім қабыл­да­ды. Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі «Қа­зақ­стан­ның азаматтық қызмет­ші­лерінің қызметтік Әдеп кодексі» жо­басын жария етті. Құжаттағы қыз­меттік әдептің жалпы қағи­да­лары мен нормаларын еліміздегі бар­лық шенеунік басшылыққа алуы тиіс. Кодекс ережелерін білуі және жұмыс кезінде мүл­тік­сіз сақтауы олардың кәсіби қыз­меті мен еңбек тәртібін баға­лау­дың бір критерийі ретінде бел­гі­лен­ген. «Осы кодекстегі әдеп норма­лары мен талаптар барлық аза­мат­тық қызметші үшін міндетті, олар­ды қатаң сақтау керек. Аза­мат­тық қызметші оның мәтінімен қыз­метке кіргеннен кейін 3 күн ішін­де танысуы тиіс. Қол қойыл­ған танысу парағы ұйымның кадр бөлімінде, қызметкердің жеке іс пара­ғында сақталады» делінген құжатта.  

89 мың адамға қатысты талап

Әлемдегі барлық озық елде мем­қызметшілердің іс-әрекеті, жү­ріс-тұрысы заңмен немесе Эти­ка кодексімен шектеледі. Олар­дағы талаптар да әртүрлі бо­лып келеді. Бірақ бәрінің мақсаты бір – билік органдарына деген бұ­­қа­раның сенімін арттыру, сы­бай­­лас жем­қорлыққа тосқауыл қою. Ғалымдардың айтуынша, дү­ниежүзі тарихында алғашқы ше­неу­ніктер ресми түрде Қытайда VII ғасырда пайда болыпты. Олар­ды гуань немесе еуропаша «ман­дарин» деп атаған. Шығыс көр­шіде 2015 жылы ҚХР ком­пар­тия­сы енгізген кодекске сәйкес, шың елінің шенділеріне ойнас құ­рып, әйелінің көзіне шөп салу­ға, америкалық-буржуазиялық өмір салтының көрінісі саналатын гольфты ойнауға, ашқарақтық пен қанағатсыздық нышанындай мешкейлікке салынып, көп тамақ ішу­ге, сән-салтанатты әрі ірі той­лар өткізуге тыйым салынды. Қазақстанда да мемлекеттік ман­сапты таңдаған адам мора­ль­дық-адамгершіліктің қатаң қа­лып­тарының құрсауына түспек. Се­бебі республика дамыған ел­дер­­дің отыздығына бет алып ке­леді. Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің мәліметінше, Қазақ­стан­да 2020 жыл басында мем­ле­кет­тік қызметшілерге арналған 97 мың 403 штаттық орын болған. Бі­рақ соның тек 91,4%-ына ғана адам алынды. Яғни, 8 398 орын бос тұр. Ендеше еліміздегі аза­мат­тық шенеуніктердің жалпы саны 89 мың 5 адамды құрайды. Оның 699-ы саяси мемқызметші деп ата­латын ірі басшылар. Тағы 80-і – «А» корпусы деген төменгі дең­гейлердегі бастықтар мен ат­қа­мінер­лер. Сонда басым көпшілігі, 88 226-сы қатардағы әкімшілік қыз­меткерлер болып шығады. Барлық шенділердің 46 мың 464-і орталық меморгандарда жұ­мыс істейді. Қалған 42 мың 541-і – жергілікті жерлерде еңбек етуде. Оның ішінде 1 мың 64 адам мәс­ли­хаттар аппаратына тиесілі. Қазақстанда шенеуніктер ара­сында әйелдердің қарасы басым: жал­пы саны – 49 мың 584 немесе 55,7%. Ал басшылық қызметтегі үлесі – 40%: елдегі 23 мың 818 бас­­шының 9 мың 521-і – нәзік бол­­мыс өкілдері.  

Шенеунік – ең сыпайы қонақ

Жаңа Әдеп кодексіне сәйкес, мем­­қызметшілер өз міндетін орын­­дау кезінде келесі қағидат­тар­ды сақтауы қажет: біріншіден, ол қызмет міндеттерін адал орын­дап, еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауы, жұмыс уақытын тиімді пайдалануы тиіс. Екіншіден, жо­ғары моральдық-адамгершілік өл­шемдерге сәйкес келуі, заңдағы шектеулер мен тыйымдарды бұз­бауы шарт. Үшіншіден, біліктілігі мен кәсіби деңгейін ұдайы жетіл­діруі, төртіншіден, өз әрекеттері мен мінез-құлқы арқылы қоғамда дау, сын тууына себепкер бол­мауы, сынаған адамды қуда­ла­мауы, сындарлы сыннан сабақ алып, кемшілікті жоюға әрі қыз­ме­тін жақсарту үшін пайдалануы қажет. Бесіншіден, жұмыста адал­дық, азаматтармен және әріп­тес­термен тілдесуде сыпайылық, өмірде қа­рапайымдылық таныту, бай­лығын паш етпеу талап еті­леді. Бұдан бөлек, кодекске мемле­кет меншігінің бүтіндігін қамта­ма­сыз ету, қызметтік автокөлікті жеке мақсаттарға пайдаланбау, жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, ешкіммен ұрыспау және төбелеспеу талабы да қосылды. Шенділер билікті пайдаланып жеке сипаттағы мәселені шешу үшін өзге меморган, жергілікті әкім­дік не мемлекеттік қызметші­ге қысым жасамауы, кез келген түрдегі сыйлықты қабылдамауы, қо­лына түскен қызметтік ақпа­рат­ты табыс табуға пайдаланбауы керек. Әлеуметтік желілерде не­ме­се мессенджерлер арқылы жал­ған мәлімет таратқан азаматтық қызметшілер жұмысынан қуылуы мүмкін. Кодекс шенеуніктің тек жұ­мыс уақытындағы ғана емес, со­ны­мен қатар қызметтен тыс кез­дегі, үйдегі, демалыстағы мінез-құлқын да реттейді. Яғни, оған қо­нақта, өз отбасында, жұрт­шы­лық алдында жалпыға бірдей мо­ральдық-этикалық қағида­лар­ды ұстану, барлық жерде қара­пайым болу, әл-ауқатын әдейі көрсетпеу, қызметтік жағдайын пайдаланбау, ешкімге тіл тигізбеу, қорқытпау, тәртіп бұзбау, мас күйде көзге түспеу – міндет. Memkismet «Азаматтық қызметшінің осы әдеп­ті бұзуы тәртіптік жауапкер­ші­лікке әкеп соғады. Ал осы ко­декс ережелерін сақтауы оны ат­тестаттау, жоғары лауазымға іл­ге­рілету кезінде ескеріледі», – дейді құжат.  

Қызметтік «романның» соңы

Ұлттық экология министрі Рус­лан Дәленовке жақында Бал­ғын есімді әйел шағымданды. Ол осы министрлікте істейтін У. есім­ді қатардағы қызметкермен 2 жыл азаматтық некеде тұрыпты. Осы мерзімде ол әлгі жігіттің бі­раз кредитін жауып береді. Үйді де жалғыз өзі жабдықтаған. «Ол өзімен бірге істейтін Б. де­ген әйелмен жұмыс уақытында ма­хаббат (служебный роман) құ­рыпты. Бірде екеуінің Мәскеуде іс­сапарда жүргенде құмарлық қы­зығына батқанын куәлан­ды­ра­тын фотоларын тауып алдым. Сіздер сонда қызметкерлеріңізді іс­сапарға демалуға жібересіздер ме?», – дейді елорда тұрғыны ми­нистрге жазған хатында. Ол ве­домство басшысына оның бағы­ныш­тылары У. мен Б.-ның бір-бі­ріне жазған ғашық хаттарын дәлел ретінде жіберіпті. «Жұмыс уақытында мем­ле­кеттік электронды пошта арқылы жеке бастарының мәселесін тал­қылауға болмайтынын, мемле­кеттік қызметші этикасын сақта­ма­ғаны үшін жауапкершілік ба­рын ескермеді. Өзімді және отба­сымды қорқытып, қарызын қай­тарудан жалтарып отырған У. мен Б.-ға тиісті іс-шара қолданасыз деген сенімдемін. Мемлекеттік қыз­меткер өз ісіне тиянақты, жауап­­ты, мәдениетті болуы ке­рек», – дейді зардап шегуші. Бұл шағым Ұлттық экономика ми­нистрлігінде қаралыпты. Ми­нистр Руслан Дәленов У. мен Б. Ресей астанасына ма­хаб­бат айдынында қос аққудай жүзу үшін емес, шынында ЕАЭО-дан басқа үшінші елдермен тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасуды ұйым­дас­тыру туралы Келісім жо­басын пысықтау бойынша кеңес­ке қа­тысу үшін іссапарға жі­беріл­генін айтады. «Осы оқиғадан кейін У. мен Қа­зақстанның мемлекеттік қыз­метшілерінің әдеп кодексі нор­маларын және «Мемлекеттік қыз­меті туралы» заң талаптарын бұзу­ға жол бермеу туралы түсі­нік­теме жұмыстары жүргізілді. Ал оның өзге адамдармен жеке қа­рым-қатынасына қатысты мәсе­ле­лерді шешу, соның ішінде мү­лiк­тiк емес құқықтардың қор­ғалуы азаматтық iс жүргiзу заң­на­масында көзделген тәртiп бойын­ша сот арқылы жүзеге асырылады. Де­мек, азаматша сотқа жүгіне ала­ды» деп жауап қатты ведомство бас­шысы өз блогында. Айта кету керек, Қазақстанда ше­неуніктердің өзара ашына болуына заңмен тыйым салын­баған. Көрген жұрт ұялар бейәдеп жағдайға жетпесе болғаны. Жем­қор­лыққа қарсы заңнамаға сай тек ресми некедегі ерлі-зайып­ты­л­ардың бір меморганда істеуіне жол берілмейді. Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің хабарлауынша, қазір­гі кезде шенеуніктер қатары күрт жасарды. Мемқызметшілердің орташа жасы – 39 жас. Соның ішін­де саяси мемқызметшілердің, яғни ірі басшылардың орташа жа­сы – 47,5 жас, ал «Б» корпу­сы­ның, яғни қатардағы қызметкер­лердің орташа жасы – 38,9 жас. Республикамызда 23 жасқа да тол­маған 1 мың 22 шенеунік бар (1,1%), 23 пен 30 жас аралы­ғын­да­ғы­лардың саны – 19 мың 482  (21,9%), 30-40 жас­тағысы 30 мың 360 адам (34,1%). Де­мек, бойында бұла күші бұлық­сы­ған, қаны ыс­тық жастар басым. Шенділер қызды-қыздымен қол­даныстағы кодексті де бұза бе­реді. Мысалы, өткен жылдары қы­зылордалық бір топ шенеу­нік­тің той үстінде түймелерін ағы­тып, жартылай жалаңаш билеген видеолары, шығысқазақстандық шенділердің бума-бума долларды және қару-жарақты ұстап түскен фотолары әлеуметтік желілерде дүмпу туғызды. Жастық шағында-ақ шектеу-құр­сауға іліккен оларды аяйтын­дар табылады. Мысалы, белгілі кә­сіпкер Ринат Мұхамедов ше­неу­ніктердің әр басқан қадамын аңдуды тыйып, тек жұмыс уақы­тын­да адал қызмет атқаруын та­лап етуге ден қойған жөн деген пі­кірде. «Мемлекеттік қызметтегі 20-30 жастағы жас қыздар мен жігіт­терді әлеуметтік желіге фотоcын жарияла­ғаны, мысалы аң аулау кезінде қару­мен түскені немесе шет­елдегі жа­ғажайда, қымбат ав­токөлік жа­нында суретке түскені үшін жаза­лаудың қажеті не? Мас күйде түс­песе немесе қоғамдық тәртіпті бұзб­аса, айыбы нешік? Олар да адам ғой. Робот емес. Бар­­ша қа­зақ­стандықта бар құ­қық­­тан олар­ды неге айырамыз? Әдеп ко­дек­сінің нормаларын қай­та қара­ған дұрыс секілді. Рас, арақ-шарап ұстап түссе, өзі кі­нә­лі, жа­за­лайық», – дейді ол. Дегенмен дамыған елдердің тә­жірибесі көрсеткендей, мем­лекеттік қызметке тұрған адам мінез-құлық бойынша шектеу­лер­ді де қабылдауы маңызды. Қоғам­ның сұранысы артып, елде тәртіп күшейген сайын шенеу­ніктерге қойылар шектеулер де қатая түспек. Әйтпесе, бір босаң­сыт­са, шенеуніктердің бассыз­дығы бой бермей кетеді.  

 Елдос СЕНБАЙ