7-20-25: Алғашқы жарнаны 20 проценттен көп төлеуге болады
7-20-25: Алғашқы жарнаны 20 проценттен көп төлеуге болады
253
оқылды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін банктер 1 шілдеден бастап 20 пайыздан артық бастапқы жарна сомасын қабылдайды.

«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ Сыртқы байланыстар департаментінің мәлімдеуінше, шілдеден бастап ипотека алушының қалауы бойынша тұрғын үй құнының 20 пайызынан артық соманы алғашқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі. Нәтижесінде, негізгі қарыз мөлшері азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілетіне қоятын талап төмендейді.

– Бұрынғы талап бойынша бекітілген бастапқы жарнаның тұрақты мөлшері қолында 20 пайыздан артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейту арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады. Сонымен бірге, банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. «7-20-25» бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңарып жатыр, – деді «Баспана» ипотекалық ұйымы серіктес-банктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қанат Әбдірайымов.

«7-20-25» бағдарламасымен ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФ, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық банк, ForteBank-тен ипотека алуға болады.