Қабылданған праймериздің басты міндеттерінің бірі – «Мықты Лидерлер – Мықты Партия» қағидаты бойынша үздік көшбасшыларды анықтау және оларды партия құрамына тарту болып табылады. Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жалынды жастарға қашанда сенім білдіреді әрі үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ендігі партиялық тізімнің 20%-ы 35 жасқа дейінгі жастардан болуы – жаңа буынға берілген үлкен мүмкіндік деуге болады. Сонымен қатар үміткерлерге халық алдына жария пікірсайыстарға шығуды міндеттеу де ашықтық пен әділдіктің айқын көрінісі болары сөзсіз! Праймериз тәртібінің толық орындалуы және өткізілу барысы – партияның ресми интернет-ресурсы, БАҚ, және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырылатын болады. Бұл праймериз – партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін нақты қадам. Барлық аймақты қамтып, жаңа форматта өтетін праймериздің маңызы зор. Олай болса, іске сәт дейміз!
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, меценат