«Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тәжірибеде бар заманауи іріктеу құралын қолданысқа енгізу уақыт талабы екенін баса айтқан болатын. Кадрлық резервті нақтылауда праймериздің нәтижесі оны әділ де, ашық айқындап берері анық. Былтырғы Жылыойдағы пилоттық жоба ретінде өткен праймериз де жергілікті партия белсенділерінің қаншалықты сенімге ие екенін және де лидерлерді, сондай-ақ жақтастарымыздың белсенділігін анықтап берді. Республика бойынша биыл 17 тамыз-3 қазан аралығында өтетін праймериз жастарымыз бен жақтастарымызға, партияластарымызға өз еліміздің, туған өлкеміздің дамуына үлес қосуға зор мүмкіндік. Кешегі бекітілген ереже партияішілік іріктеудің ашықтығы мен әділетті өтуін қамтамасыз етері хақ. Олай болса, ұлт батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Елім дегенде еміреніп, жұртым дегенде жүгініп еңбек етуге» даяр шын жүйріктерге сәттілік тілейміз.
Нұрлыбек ОЖАЕВ, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары