Мемлекеттік тілді үйренушілер қатары өсті
Мемлекеттік тілді үйренушілер қатары өсті
Сондықтан да оған де­ген құрмет ешқашан то­ластамақ емес. Ел бірлігінің басты факторы саналатын мемлекеттік тілді меңгеруге Жамбыл облысы Қордай ау­данының тұрғындары да аса құлшыныс танытуда. Бүгінде мұнда тілді оқыту курстарының саны артып, онда 565 тыңдаушы оқытылуда. Сондай-ақ елді мекенде қа­зақ тілін тілдесу арқылы мең­герту, ойын еркін жеткізе білуге жағдай жасау мақсатында SÓIlE клубы құрылған. Ағымдағы жыл­дың 1-6 маусым аралығында Қор­дай ауданы Масаншы, Сор­төбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Бәй­терек, Қарасу ауылдарында ашық аспан астында SÓIlE клу­бының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға барлығы 200-ден аса адам қамтылып, TedX әдісімен клуб отырысы жүргізілді. Аталған ауылдарда клуб оты­рысы жазғы мезгілде ашық аспан астында апта сайын өткізілмек. Осылайша, жыл соңына дейін 1 500 адамды қамту жоспарланып отыр. Нәтижесінде, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтіндердің ортасы қалыптасып, қазақ тілін еркін қатынас құралы ретінде қолдануға мүмкіндік тумақ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауда­нына жуырда жасаған жұмыс сапары барысында Сор­төбе ауы­лында SÓIlE клу­бының кезекті отырысына қа­тысып, тыңдау­шылармен тіл­десті. Аймақ бас­шысы «адамның ең негізгі бай­лы­ғының бірі – оның тілі» екенін тілге тиек етіп, мем­лекеттік тілді ұлтаралық қа­ты­нас тілі ретінде қолдану керегін айтты. – Егер ата-аналар балалары­мен қазақша сөйлессе, балалар тез тіл үйренеді. Мемлекеттік тілмен қатар бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін басқа да шет тілдерін білу керек. Біздің мін­детіміз – жастарға лайықты білім беріп, бірнеше тілдерді меңге­руіне жағдай жасау. Осындай жұмысты басқа ауылдарда да ұйымдастыру керек, – деді Бер­дібек Сапарбаев. Айта кетейік, Сортөбе ауы­лындағы «Тілдер саябағы» жазғы лагерінде қазір мемлекеттік тіл­мен қатар шет тілдері де оқыты­луда. Әлеуметтік жобаның же­тек­шісі Бақнұр Зиябековтің ай­туынша, бүгінде лагерьде 200 адам қазақ, ағылшын, француз тілдерін үйренуде. Тыңдаушылар арасында балалар да, ересектер де бар. Ал дәрісті Назарбаев уни­верситетінің, әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің және Қазақ ұлттық қыз­дар педагогикалық универси­тетінің студенттері өткізуде. «Тіл – достықтың алтын кө­пірі» дейді қазақ даналығы. Қор­дайлықтардың жаппай қазақ тілін үйреніп жатқанын жақсы­лыққа жорыдық. Ендеше елді ме­­­кенде барша ұлттар мен ұлыс­тар мемлекеттік тілде сөйлеп, та­ту-тәтті ғұмыр кешсін деп тілейік.  

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы