Есеп комитетінің төрайымы халықтың табысы қанша өскенін айтты
Есеп комитетінің төрайымы халықтың табысы қанша өскенін айтты
Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығы бойынша позиция жақсарды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті талқылау кезінде Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова хабарлады. «Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттік рейтингінде Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығы бойынша позиция жақсарды. Мұнайға деген тәуелділікті төмендету тенденциясына қол жеткізілмеді. 10 жыл бойына өңдеуші сектор үлесі 11 пайыздан аспады. Экспорт құрылымында минералды өнім 70 пайыздан асты. Азаматтар әл-ауқаты өсімі бойынша мақсат қалай орындалып жатыр? Халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өсті. Алайда, халық шығыстарында азық-түлік тауарларының үлесі артты, яғни 50 пайызға дейін. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 пайыз шамасында», - деді Н. Годунова. Оның сөзіне қарағанда, Ресей мен Беларусьте осы көрсеткіш азаматтар шығыстарының үштен бір бөлігінен аспайды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қарызға қатысты пікір білдірді. «Мемлекеттік борыш, яғни Үкімет қарызы секілді қауіпсіз деңгейде. Қарызды жабуға қатысты әрі осы бағытта қызмет көрсету бағытындағы шығыстар артып келеді. Үкіметтік қарыз бойынша осындай шығыстар 1 трлн 400 млрд теңгеге жуықтады», - деді ол. Есеп комитетінің төрайымы былтыр мемлекеттік-жекешелік серіктестік, квазимемлекеттік сектор мен жергілікті атқарушы органдар жобалары бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан займдарды қадағалау тұрғысында тиісті жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның борышы қауіпсіз деңгейде кенін атап өтті. Сонымен қатар ол квазимемлекеттік субъектілердің шоттарындағы қалдықтарға қатысты түсінік берді.