Анонимді электронды әмияндардың ақша аударымына тыйым салынбақшы

Анонимді электронды әмияндардың ақша аударымына тыйым салынбақшы

Парламенттің төменгі палатасының депутаттары жаңа заң жобасын ұсынды. Құжатта заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстыру немесе Қазақстаннан ақша шығару қаупін азайтуға арналған норма бар. Сондай-ақ пайдаланушыларды жеке тұлғасын айқындауға жаңа талаптар енгізілді. Сонымен бірге, анонимді электронды әмияндар арасында ақша аударымдарына тыйым салынады және транзакциялар көлеміне шектеулер қойылады. Заң жобасының бірқатар нормалары шетел валютасымен ипотека алған азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Егер депутаттар ұсынған нұсқа бойынша құжат қабылданса, банктер шетелдік валютадағы ипотекалық несиелер бойынша қазақстандық қарызды бір жақты тәртіпте 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша теңгемен қайта есептей алады. Онда бір доллар үшін шамамен 188,35 теңге болады.