Коронавирус бойынша Орта Азиядағы ең қауіпті қай ел екенін білесіз бе?

Коронавирус бойынша Орта Азиядағы ең қауіпті қай ел екенін білесіз бе?

Олар Орта Азиядағы ең қауіпті мемлекет ретінде Түркіменстан деп атады.  Рейтингті жасаған - Deep knowledge group компаниясының мамандары. Жалпы тізімде әлемнің 200 елі бар. Рейтинг жасау барысында елдегі карантин тиімділігі, науқастарды бақылау, оларды анықтау және емдеу, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің даярлығы есепке алынған. Барлық ортаазиялық мемлекет арасында Қазақстан ең қауіпсіз ел (рейтингтегі 71- орын) ретінде танылды. Одан кейін тізімді Қырғызстан (108- орын), Өзбекстан (121- орын), Тәжікстан (124- орын) және Түркіменстан 131- орында тұр. Айта кетейік, Түркіменстан - коронавирус қаупін мемлекеттік деңгейде мойындамаған бірнеше елдің бірі. Мемлекетте коронавирус инфекциясының бірде-бір дерегі тіркелген жоқ, ал ел басшылығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығын сақтаудан бас тартып отыр. Түркіменстанда маска мен респираторсыз жүруге, сондай-ақ, жақын арақашықтықта тұруға рұқсат етілген.