Мақсат – соттың абыройын жоғарылату
Мақсат – соттың абыройын жоғарылату
167
оқылды

Көшпелі отырыста Жоғарғы сот алқасының төрағасы және судья­лары, облыстық соттардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалала­рының төрағалары бейне­конферен­ция арқылы, сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қа­зақстан облыстық, қа­лалық, маман­дандырылған сот­тардың судьялары, Бас проку­ратура, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ішкі істер және Әділет министрліктері, Қазақ­стандағы БҰҰ Балалар қоры өкілдігі, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универ­ситетінің өкіл­дері, қазақстандық құқық­танушы-ғалымдар, «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­тасының, үкімет­тік емес ұйым­дардың өкіл­дері қатысты.

Парламент Мәжілісінің өкіле­тін іске асырудың төртінші сес­сияға арналған негізгі іс-шаралар жос­парына сәйкес, Заңнама және сот-құқықтық реформа коми­тетінің Маңғыстау облысында (Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының сот органдарының қатысуымен) Қазақстан Республи­касының соттарын жаңғырту мәселелері бойынша көшпелі отырысына Мәжіліс депутаттары, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері белсенді атсалысты. Олар тәуелсіз және тиімді сот төрелігін құруға бағыт­талған түбегейлі өзгерістерді талдады. Маңғыстау облысындағы соттарының қызметімен танысты.

Парламент Мәжілісінің Заң­нама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, Nur Otan пар­тиясының жанындағы Құқық­тық кеңесінің төрағасы, заң ғы­лымдарының докторы, профес­сор Нұрлан Әбдіров сот саласын ре­формалауды оңтайландыру мәселе­сін айтып өтті.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен сот жүйесін жаң­ғырту, сот кадрларын сапалы да­мыту мен жаңару, судьялар тәуел­сіздігі кепілдігін күшейту және судьяларға заңсыз ықпал етуді жою, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан ары ізгілендіру мәселелері оңтайлы шешіледі, – деді Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, кез келген сот-құқықтық жүйенің маңызды мақсаты – халықтың құқығын қорғау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша соттар жұмысының заманауи фор­маты енгізілмек. Озық электрон­ды сервистерді енгізу, сот жүйесі кадр­­ларын сапалы дамыту және жаңару бойынша жұмыстар жал­ғасады. Халықтың сотқа сенімін көтереді.

Көшпелі отырыс барысында сот жүйесінің одан ары дамуы, сот іс жүргізуді жетілдіру аясында заң­намалық жаңалықтардың практи­калық маңызы, алқабилер инсти­тутын және тергеу судьялардың қыз­метін одан ары жетілдіру, сот­­­тардың құқық қолдану қыз­метін жетілдірудің мәселелері және бо­лашағы, қылмыстық сот іс жүр­гізуде заңнамалық жаңалық­тар­ды қолдану тәжірибесі, судьяның тәуел­сіздігі қағидаты және қыл­мыстық іс бойынша басты сот тал­қылаудың шегі, Мәжілісте қаралып жатқан Әкімшілік рәсімдік-про­цестік кодексі жобасының өзек­тілігі және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Сот жүйесін дамыту, соттардың қызметін материалдық-техника­лық қамтамасыз етуді жақсарту, сандық жүйе және электронды іс жүргізуді енгізу, сот төрелігін жүр­гізудің ашықтығы мен тиімділігі, азаматтардың сот төрелігіне ке­дер­­гісіз қол жеткізуі деген сияқты көкейкесті мәселелер көтерілді.