Алматы-Қапшағай автожолында 8 көлік соқтығысты
Алматы-Қапшағай автожолында 8 көлік соқтығысты
«Алматы-Қапшағай» автожолында жаппай көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Еске салайық, жолдың дәл осы учаскесін полигоннан шыққан өрттің қою қара түтіні басқан. «Өрттің күшеюіне байланысты «Алматы-Қапшағай» ақылы учаскесінің 33-35 шақырымы аралығында 8 көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатын алды, 1 адамның жағдайы ауыр», - деді «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, жол полициясы және жедел жәрдем шамамен сағат 16:30-да келді. Қатты қара қою түтінге байланысты жол полициясы екі бағытта да қозғалысты уақытша тоқтатты. Қазіргі уақытта күшейтілген шаралар қабылдануда.