Егіз балаларын өлтіріп алған әйел 2,5 жылға сотталды
Егіз балаларын өлтіріп алған әйел 2,5 жылға сотталды
© сурет интернеттен алынды
121
оқылды
Қарағанды облысы Абай қаласының тұрғыны сегіз айлық егіз ұлдарының өліміне кінәлі деп танылды. Сот оның тағы кішкентай балалары барын ескеріп, 2,5 жылға бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарды.
«26 жастағы жұмыссыз әйел декреттік демалыста болған. Ол Қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни, екі немесе одан да көп адамды абайсызда өлтіріп алу дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Әйел алкогольді ішімдік ішіп алып, балалардың басынан аяғына дейін ауыр көрпемен жауып қойған. Балалар ауа жетпей тұншығып қалған», - деп жазылған хабарламада.