Министр Қазақстанда адам ағзасын қандай жағдайда шетелге алып шығуға болатынын айтты
Министр Қазақстанда адам ағзасын қандай жағдайда шетелге алып шығуға болатынын айтты
©Сурет интернеттен алынды
131
оқылды
- Кодекс жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасында қайтыс болған азаматтардан алынған органдар мен тіндер тек Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету кезінде қажет болған жағдайда сыртқа алынып шығарылады, - деді Елжан Біртанов. Оның айтуынша, мұндай норма "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасында қарастырылған. Сонымен қатар министр Қазақстанда қайтыс болған адамның ағзаларын рұқсат бойынша алу - келісім презумпциясының нормасы 2009 жылдан бастап өз күшіне енгенін атап өтті. "Адам ағзасына алуға берілген келісімді немесе келісімнің күшін жоюды тіркеу медициналық ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметке жатады. Кодекс жобасында адам қайтыс болғанда оның органын алуға келісім беру немесе одан бас тарту құқығы жұбайына тиесілі, ал жұбайы болмаса, басқа жақын туыстарының біреуіне беріледі" деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.