Орал прокуратурасының алдында бір азамат ашынғаннан өзін-өзі өртеп жіберген
Орал прокуратурасының алдында бір азамат ашынғаннан өзін-өзі өртеп жіберген
©Сурет интернеттен алынды
145
оқылды
Қазір ол ауруханада. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қаіп төніп тұрған жоқ.
"Өзін-өзі өртеудің салдарынан екі қолының білегіне дейін, кеудесі мен мойнының қатты күйік шалған. Қазір көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта азаматтың жағдайы қанағатанарлық", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Данияр Інжіғалиев өзіне қатысты қозғалған қылмыстың іске наразылығын білдірмекші болып, прокуратураға барып, прокурормен кездесуді талап еткен.  Оның айтуынша, оған алаяқтық бойынша жала жауып отыр.
– Менің кінәм жоқ. Олар тырнақ астынан кір іздеп жатыр. Олардың мақсаты мені жеті жылға немесе үш жыл үй қамағына салу, – дейді. ол.