Университет дипломы Біріккен Араб Әмірліктеріне жарамды
Университет дипломы Біріккен Араб Әмірліктеріне жарамды
271
оқылды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Джабер «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің құрметті профессоры» атағына ие болды. Бұл атақ бұрын соңды Орталық Азия көшбасшыларына,  халықаралық академиялық, саяси, дипломатиялық және бизнес-элита өкілдеріне берілген. Олардың  қатарында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та бар. Шара барысында Елші мырза  студенттер қауымына жағымды жаңалығын жеткізді. FIBAA, IQAA, ACCA cынды халықаралық аккредитацияларын ескере келе бұдан былай КАЗГЮУ университетінің дипломы Біріккен Араб Әмірліктерінде жарамды болады. Түлектер нострификациядан өтпестен БАЭ-де жұмыс істей алады.
          «Үстіміздегі жылы оқу орнында Елшіліктің қолдауымен БАӘ негізін қалаушы шейх Зайд ибн Сұлтан әл-Нахайян атындағы жаңа аудитория ашылады. Біз әрдайым  БАЭ Елшілігімен достық және әріптестік қарым-қатынасымызды нығайтуға дайынбыз», - деп атап өтті басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев. Бұл аудитория дизайны, заманауи проекциялық жабдықтары және отырғызылу конфигурациясымен ерекшеленеді.
Іс-шара барысында Мұхаммед әл-Джабер  БАӘ-нің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі ретінде өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталғанын хабарлады. Оның айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан Республикасымен қалыптасқан сенімді және жылы қарым-қатынастарды жоғары бағалайды.

Айбике Жанасыл