Майлыбаев неліктен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды?
Майлыбаев неліктен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды?
©Сурет интернеттен алынды
133
оқылды
Сотталған Майлыбаев жазасының өтелмеген бөлігін шартты түрде өтеу үшін мерзімінен бұрын босатуды сұрап, сотқа өтініш жазған. 
Сот өтінішті қарастыра отырып, сотталған адамның заңмен белгіленген жазасының өтеген бөлігін, мекеме әкімшілігінің жағымды мінездемесін, ішкі тәртіп ережелерін орындауын, айыппұлдарының болмауын, 9 рет марапатталғанын, мінез-құлқына берілген оң бағаны, жұмысқа орналасу мүмкіндігі барын ескерді. Осыдан соң сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға негіз жоқ деп тапқан.
Осыған орай, Байқоңырдың Нұр-Сұлтан ауданының №2 соты биылғы жылдың 14 мамырында 1 жыл 4 ай 21 күн аяқталмаған жаза мерзіміне пробациялық бақылау орнату арқылы сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот ұйғарымына шағым берілмеді немесе наразылық келтірілмеді, ол заңды күшіне енеді. Бұдан бұрын Бағлан Майлыбаевтың 30 мамырда босатылған. Оны, бұрынғы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Отанына опасыздық жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қалалық соты соттаған еді.