Қызылорда облысында есірткі өсірген 56 жастағы тұрғын ұсталды
Қызылорда облысында есірткі өсірген 56 жастағы тұрғын ұсталды
©Сурет интернеттен алынды
193
оқылды
Polisia.kz хабарлауынша, 10 маусым күні Қызылорда облысында "Қарасора-2020" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілген. Соның барысында полиция қызметкерлері Қазалы ауданының 56 жастағы тұрғынын есірткі затын сатқаны үшін ұстады. Тінту іс-шараларын өткізу барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіргені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, яғни 297-бабының 1-бөлігімен және 300-бабының 1- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазір күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр.