Ел бірлігі – өркендеу кепілі
Ел бірлігі – өркендеу кепілі

Атап айтқанда, сол елдегі қара­па­йым наразылықтан басталған оқиға жаппай бас көтеруге ұласып, ақыр соңы азаматтық соғысқа әкел­ді. Орын алған қақтығыстар сал­да­ры­­­нан Сирия экономикасы 275 мил­лиард доллар жоғалтып, әбден тұралады. Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның Сирия жөніндегі елшісінің дерегі бойынша соңғы сегіз жыл ішін­де елде 400 мыңға жуық тұрғын қаза тапқан. 5 миллионнан астам ха­лық елін тастап, босқынға айналса, 7,6 миллион тұрғын ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болыпты. Бір сөз­бен айтқанда, әлемдік өркениетке елеу­лі үлес қосқан алып мемлекеттің бүгінгі кейпі адам аярлықтай. Осы­ған ұқсас жағдайды кезінде әлеу­мет­тік мәселесі түбегейлі шешіліп, өзге­ге өнеге болған Ливия мемлекеті де қазір басынан кешіріп отыр.

Міне, осындай дүрбелең дәуір дүбір­леп жатқан сыни тұста халық қамын ойлағансыған сөз сауда, шын­дап келгенде, елдік мүдделерді етектен тартары анық. Бұл кемші­лік­ті көрме, ешкімді сынама, мінеме деген сөз емес. Баяғыда біреу: «Отыр­сам опақ, тұрсам сопақ дейді; қатты жүрсем қу аяқ дейді, ақырын жүр­сем шуаяқ дейді; сөйлесем тақ-тақ дейді, сөйлемесем ақымақ дейді; жоғары қарасам шапыраш дейді, төмен қарасам сүзбе көз дейді», – деген екен. Сол айтқандай, еліміздегі өзгерістерге тек жала жаба берушілер де жоқ емес сияқты. Ендеше мұны мен олардың жаны ашығаны деп айта алмаймын.

Олай болса бүгінгі таңдағы төзім мен сабыр, ертеңге жетелеген үміт пен сенім, бойымыздағы кісілік пен біліктілік елімізге қалай қызмет еткенімізбен өлшенбекші. Ежелгі грек қаһарманы Аристид айтқандай: «Енді біздің арамызда қайткенде ота­нымызға көбірек қызмет ете ала­мыз дегеннен басқа талас болмау­ға тиісті» дейтін кез келді.

"Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде – соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады" дейді. Ендігі жерде жаңа сайланған Президентіміздің айналасына топта­са отырып, тонның ішкі бауындай бір­лігі жарасқан халық ретінде қа­зақ­стандық жолдан еш таймауға тиіспіз.

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, саясаттанушы