Қазақстанның күресін оң бағалады
Қазақстанның күресін оң бағалады
111
оқылды
Онда пар­ламентшілер Орталық Азия елдерінде коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл, эконо­микалық даму, заң­намалық реформалар және парламентаралық үнқатысу мәселелері бойынша пікір алмасты. Сенат Төрағасының орын­басары А.Шәкіров өз сөзінде COVID-19 індетіне қарсы күрес жөніндегі жан-жақты ша­ралар және пандемияның Қазақстандағы зардаптары туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар ел Пре­зиденті жариялаған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасы аясында, атап айт­қанда бейбіт жиналыстар мен митингтер ұйымдастыру, сон­дай-ақ партиялық жүйені нығайту, парламенттік оппозиция саласында жүзеге асатын де­мо­кратиялық өзгерістер туралы хабардар етті. ЕҚЫҰ ПА төрағасы Георгий Церетели Қазақстандағы дағда­рысқа қарсы қабылданған ша­ра­­ларға оң баға берді, соны­мен бірге коронавирустың өр­­шуінен қатты зардап шеккен Италияның Ломбардия аймағына гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ассамблея биылғы жыл соңы­на дейін халықаралық қоғам­дастық алдында тұрған қазіргі за­манғы қауіп-қатерлердің өзекті мәсе­лелері бойынша осыған ұқсас бірқатар вебинар өткізуді жоспарлап отыр.  

 Ерік ЕРДЕНОВ