Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
– Ресей Федерациясы өзі­нің жаңа тарихында осы атау­лы күнді халықаралық тұрақ­ты­лық пен қауіпсіздікті қам­та­масыз етуге, жаңа сын-те­геу­рін­дер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдарға, әлемдік қауым­дастық мүшелері ара­сын­дағы өзара тиімді және әділ ынты­мақ­тастықты дамытуға үлкен үлес қосып отырған қуатты әрі беделді держава ретінде атап өте­ді. Сіздің стратегиялық ба­ғы­тыңызды қатаң ұстана оты­рып, Ресей мемлекеттік құры­лым­ның сан ғасырлық дәс­түрін табысты арттырып, қо­ғам­дық өмірдің барлық сала­сын дәйекті түрде жаңғыртып келеді, – делінген жеделхатта. Сонымен қатар Қазақстан Пре­зиденті ресейліктердің пат­риотизм мен бірлікке бейіл­дігі, Отанына деген мақ­та­ныш сезімі мен жарқын бо­ла­шаққа деген нық сенімі Ре­сей мем­ле­кетінің тұрақты да­муына және әл-ауқатының ар­туына кепіл болатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Вла­димир Путинге Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланысты және одақ­тас­тықты одан әрі нығайтуға ба­ғыт­талған жемісті еңбегі үшін ри­зашылығын білдірді.