Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды
Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды
© сурет интернеттен алынды
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды. Бұл жайында халық қалаулысы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. «Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін», - деп жазды Бекболат Тілеухан. Оның айтуынша, қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. «Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді» деп ескертеді депутат.