Бүгін таңғы сағат 7:44-те Нұр-Сұлтан қаласындағы 23 қабатты «Сенатор» тұрғын үй кешенінен өрт шықты деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Өрт 20-шы қабаттағы пәтерде тұтанған. Салдарынан мұздатқыш камерасы, терезе рамалары мен балкондағы үй заттары өртенді. Алдын ала болжам бойынша мұздатқыш камераның қысқа тұйықталуы болған.
«08:15-те өрт жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тұрғындар өздігінен шықты. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-нен 25 адам және 5 бірлік техника шықты», - делінген аталған хабарламада.Сондай-ақ, бұл күні Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында да ірі өрт оқиғалары тіркелді. Атап айтқанда, 12 маусымда сағат 05:36-да СҚО Қызылжар ауданының Кондаратовка ауылында «Астық ЛТД Нұр компания» ЖШС аумағында жалпы ауданы 1100 ш.м. 4 қойма үй-жайы өртенді. Өрт 07:29-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Ал, дәл осы күні сағат 06:25-те Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында жеке тұрған 2 қабатты «Аят ата» СҮ 2-қабатында 250 шаршы метр аумақта өрт шығып, 32 шаршы метр аумақта бір қабатты жапсарлас қойманың төбесіне өтті. Өрттің жалпы аумағы 282 ш.м. құрады. Өрт салдарынан «Газель» автокөлігінің кабинасы жанып кетті. Сағат 08:10-да өрт жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.