АҚШ ғалымдарды бірінші қан тобындағы адамдарда өзгелерге қарағанда коронавирус жұқтыру қаупі төмен екенін анықтады. Олар зерттеу жұмысының қорытындысын сайтта жариялады. Зерттеуге 750 мыңнан аса науқас қатысқан. Оның 10 мыңнан астамына COVID-19 жұқтырды деген диагноз қойылған.
Зерттеу барысында COVID-19 вирусы үшінші және төртінші қан топтарының иелерінде жиі кездесетіні белгілі болды: олардың 1,5 пайызы індетке оң нәтиже көрсеткен. Екінші топтағы адамдар арасында бұл көрсеткіш - 1,4 пайызды, ал бірінші топтағы адамдар арасында - 1,3 пайыз. Төртінші қан тобындағы адамдарда коронавирус жұқтыру дерегі 4,1 пайыз жағдайда, үшінші қан тобындағыларда - 4 пайыз, екінші қан тобындағылар арасында - 3,9 пайыз, бірінші қан тобындағылар арасында - 3,2 пайыз жағдай тіркелді. Айта кетейік, осыған дейін халықаралық ғалымдар тобы екінші қан тобындағы адамдар коронавирусты жұқтыруға бейім деген тұжырымға келген еді. Сарапшылар бұл құбылысты ерекше мутациямен байланыстырған болатын.