Қазақстанда өлім-жітім азайды
Қазақстанда өлім-жітім азайды
© сурет интернеттен алынды
137
оқылды
Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 31,2 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,5% аз. Қайтыс болғандардың 61,4%-ы (19,2 мың) қала тұрғындары, 38,6%-ы (12 мың) ауыл тұрғындары. 14,4 мыңы – әйелдер, 16,8 мыңы – ерлер. Бұл туралы ranking.kz хабарлады. Өңірлер арасында өлім-жітім көрсеткіші бойынша ШҚО алда тұр - 3,3 мың (өткен жылы 3,7 мың болған). Одан кейінгі орында Алматы облысы - 3,2 мың (жыл бұрын 3,5 мың) және Қарағанды облысы - 3,1 мың (жыл бұрын 3,5). 13 өңірде өлім-жітім саны азайған. Олар – БҚО (3,4%), Шымкент (2%), Маңғыстау облысы (1,3%) және Нұр-Сұлтан қаласы (0,2%). Жалпы, қайтыс болған адамдардың төрттен бірі - 7,4 мыңы (23,7%) қан айналым жүйесі ауруларынан көз жұмған. Оның ішінде 166 адам - гипертониядан, 2,5 мың адам - жүректің ишемиялық ауруынан, 2,7 мың адам - ми тамырларының зақымдануынан қайтыс болған. Марқұм болғандардың 11,7%-ы тыныс алу жолдары ауруларынан, оның ішінде 1 мың адам тұмау, жедел респираторлы вирусты инфекциялар (ЖРВИ) және пневмониядан қайтыс болған. Жазатайым жағдайдан, улану және жарақаттан қайтыс болғандар 7,7%-ды құрайды (2,4 мың).