Салдарынан жатақханада тұратын студенттер үйлеріне қайтты. Араларында студенттер үйінде тұру ақысын жыл бойына төлегендері бар. Студенттердің жатақхана ақысын қайтарып беру туралы мәселе бірнеше рет сөз болды. Жоғары оқу орындарының академиялық дербестік алғанын ескеріп, университет басшылығына қоңырау шалдық. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқу ісі және оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Еркін Нұрсағатқызы жағдайды түсіндіріп берді. «4 курс студенттерінің жатақханада тұру ақысын қайтарып бердік. Ал 1-3 курс студенттеріне ұсыныс тастадық. Мәселен, келесі жылы жатақханаға 8 айға ақша төлеп, қалғанын студенттер үйінде тұрмаған 2 айымен өтеуге болады», – дейді Еркін Нұрсағатқызы. Өз кезегінде Сүлеймен Демирел атындағы университет те 16 наурыз бен 31 мамыр аралығындағы жатақхана ақысын қайтаратынын мәлімдеді. Бұл қаражатты 2 мақсатта игеруге болады. Келесі оқу жылында жатақханада тұру ақысына, оқу ақысына аудара аласыз. Сондай-ақ оқудан шығу немесе басқа оқу орнына ауысу жағдайында сома студенттің есепшотына түседі.
Айбике ЖАНАСЫЛ