ЕҰУ әлемдік QS рейтингісінде елеулі өсім көрсетті
ЕҰУ әлемдік QS рейтингісінде елеулі өсім көрсетті
Еуразия ұлттық университеті 1 002 үздік шетелдік уни­вер­си­теттердің ішінде 357-орынға ие болды. Сонымен қатар ЕҰУ ал­ғаш рет әлемдегі жоғары оқу орын­дары­ның үздік 30%-на кірді. Саралау 6 критерий бойынша жүргізілді: академиялық беделі, жұмыс берушілер арасындағы бе­делі, дәйексөздер, білім алу­шы­лардың профессор-оқы­тушылар құрамына арақатынасы, шетелдік оқытушылардың саны және шет­елдік білім алушылардың саны. Танымалдығын арттыру және халықаралық имиджін нығайту үшін Еуразия ұлттық университеті академиялық беделді дамыту са­ласында ең жоғары нәтиже көр­сетті. Ғылыми нәтижеліліктің маңыз­­­ды көрсеткіші – жария­ла­­­­­­­­­ным­­дардың дәйексөз деңгейі. Соңғы 5 жылда біздің уни­вер­­­­ситет ғалымдар­ының бір ма­­­­қа­­­ласының орташа дәйегі – 3,05. Бұл көрсеткіш орташа рес­пуб­ликалық көрсет­­кіштен 2,5 есе артық. Еуразия ұлттық универ­ситетінің ғалымы, Top Springer Author сый­­­­лығы­ның иесі, профессор Рәтбай Мырзақұлов Қазақстан бо­й­ынша бір автордың бір жылда импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалар саны бойынша абсолюттік рекорд иесі екенін айтып өткен жөн. Университеттік екі ғылыми басылым Scopus халықаралық де­ректер базасына кіреді. Бұл – ел­дегі және одан тыс жерлердегі жо­ғары оқу орнының ғылыми тар­тымдылығының тікелей көр­сеткіші. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің жас ғы­лыми өскіні де отандық ака­демиялық қоғамдастық ішінде аса танымал. Өйткені білім ордасының Жас ғалымдар Кеңесі республикалық бай­қау­дың қорытындысы бойынша «Ең үздік жас ғалымдар Кеңесі» атан­ды. Университеттің осы жә­не басқа да жетістіктері Қа­зақ­станның жоғары оқу орын­дары­ның ұлттық сұранысқа ие рейтингісінде оң бағаланып, осындай үлкен жеңіс әкелуге өз септігін тигізді.  

А.СҰЛТАН