Сайлау өткізуге бюджеттен қанша қаражат бөлінді?
Сайлау өткізуге бюджеттен қанша қаражат бөлінді?
©Сурет интернеттен алынды
219
оқылды
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді. "Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына 254,5 миллион теңге бөлінді", - деді Сабила Мұстафина.
Оның айтуынша, бұл ақша сайлау комиссияларының қызметі мен жұмысын ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының іссапары және көлік шығындарына және полиграфиялық қызметтерге, сондай-ақ сайлау нысандарын рәсімдеу қызметтеріне, БАҚ-та ақпарат жариялау және басқа да шығындарға жұмсалады.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 тамызға Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.