Депутаттыққа кандидаттар ұсыну ертеңнен басталады
Депутаттыққа кандидаттар ұсыну ертеңнен басталады
©Сурет интернеттен алынды
131
оқылды
13 маусымнан бастап Сенат депутаттығына үміткерлер ұсыныла бастайды. Бүгін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға дайындық пен оны өткізудің негізгі іс-шараларының кестесі бекітілді.
Депутаттыққа кандидаттар ұсыну ертеңнен басталады (13 маусым). Бұл процесс сайлауға бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады. Яғни, 12 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18:00-де 17 облыстың әрқайсысында кандидатураларды ұсыну шарасы аяқталады, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенаты сайлауын 12 тамызға белгілегені хабарланған болатын.