Ақтөбеде карантин күшейтілді
Ақтөбеде карантин күшейтілді
©Сурет интернеттен алынды
128
оқылды
Облыстың бас санитар дәрігері қаулыға қол қойды. Бұған себеп, облыстағы коронавирус жұқтырғандардың саны 6,5 пайызға өсуі.   Қаулыға сәйкес, 12 маусымнан бастап облыста интернет және компьютерлік клубтардың; балалар аттракциондарының, фудкорттардың, соның ішінде ойын-сауық орталықтары, саябақтар, скверлер, аллеялар, кафелер, түнгі клубтар, кальян мен караоке қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады.
"Азық-түлік дүкендерінің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмыс тәртібі онлайн-тапсырыс және жеткізу объектілерін қоспағанда, сатып алушылар арасындағы әлеуметтік қашықты, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектелген.
Қоғамдық тамақтану объектілері (оның ішінде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін үстел арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және 50 адамға дейін келушілердің санын шектей отырып жұмыс істеуі тиіс.