Армениядан көлік әкелгендер енді екі елге де салық төлеуге мәжбүр
Армениядан көлік әкелгендер енді екі елге де салық төлеуге мәжбүр
©Сурет интернеттен алынды
"Биылғы жылдың 1 ақпанға дейін әкелінген көліктерге белгілі бір шешім табылды. Үкіметтің қаулысы бойынша олар уақытша тіркеліп, оған сары нөмір беріледі. Соған орай, көлік салығын төлейді. Оны Қаржы министрлігі қадағалайтын болады», – деді Қаржы министрі. 1 ақпаннан кейін әкелінген көліктің азаматтарына мәселе қиындау келеді. Олар заңда қарастырылған кедендік бажды, пайдалану ақысы мен басқа да төлемдерді толығымен өздеріне төлеуге тура келеді. "Сонымен қатар, салық міндеттемелері Арменияның мемлекеттік кіріс органдары тарапынан да туындауы мүмкін деген қауіп бар. Ел аумағында жүрген көлік иелері бізде салық төлеуі үшін Армениямен келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Ерұлан Жамаубаев.