Павлодарлық "сері" 100-ге жуық қызды алдап, 6 миллион теңгені қалтаға басты
Павлодарлық "сері" 100-ге жуық қызды алдап, 6 миллион теңгені қалтаға басты
©Сурет интернеттен алынды
Жігіт әлеуметтік желіде өтірік, фейк аккаунтармен тіркеліп алып, қыз-келіншектермен танысқан. Алдымен олардың сеніміне кіріп, қарызға ақша да алған. Сол қарызын қайтару мақсатында қыз-келіншектерден жеке куәландыратын ақпараттарын сұрап, құрығына түсірген. Сол жиналған ақпаратпен жігіт қыздардың атынан онлайн несие алған екен. "Қылмыстың бұл түрі басқалардан айырмашылығы - мұнда азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған кезде, шабуылдаушы көбінесе басқа аймақта болады" - дейді Думан Таев. ҚР ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығы жыл сайын мұндай алаяқтардың саны артып келе жатқанын хабарлайды. Егер 2018 жылы осындай қылмыстың 4000 тіркелсе, 2019 жылы - 8000, ал биылғы жылдың 5 айында олардың саны 4000-нан асты. Ал ай сайын республикада электрондық мәліметтерге заңсыз қол жеткізуге байланысты 800-ден астам қылмыстық іс тіркеледі.