11 жастағы жасөспірім суға батып кетті

11 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Бүгін, 12 маусым күні Шу ауданы Көктөбе ауылының маңындағы Шу өзеніне 11 жастағы қыз суға кеткен. 2009 жылы дүниеге келген ол, қатарластарымен шомылып, ойнап жүрген жерінен суға кеткен. Жаз басталысымен суға кеткен бұл екінші бала. Биылдыққа осы облыста үш адам суға батып, қаза болды.