Праймериз бойынша жедел желіні іске қосты
Праймериз бойынша жедел желіні іске қосты
169
оқылды
8 800 080 44 41 тегін нөмірі арқылы үміт­керлер партияішілік іріктеуге қа­тысу үшін өтінімді қалай беруге бо­ла­ты­ны, онлайн оқуға қатысу мүмкіндігі жә­не т.б. праймеризге қатысты өзде­рін толғандырған сұрақтар бойынша ха­барласа алады. Онлайн-консультацияны komek@nurotan.kz электронды поштасы, 8 700 800 44 41 WhatsApp нөмірі, сондай-ақ Facebook (халыққа көмек) және Instargram (halykkakomek) желілері арқылы да алуға болады. Айта кетейік, өткен аптада «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 та­мызы мен 3 қазаны аралығында прай­мериз өткізу туралы Қаулыға қол қой­ған болатын. Партия Төрағасының Бірінші орын­басары Бауыржан Байбек атап көр­­­сеткендей, праймериздің негізгі мақ­саты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көш­басшыларды айқындау. Партия сайтында жарияланған пар­тияішілік іріктеу өткізу ережесіне сәй­кес, праймериз өткізу арқылы «Мық­ты лидерлер – Мықты партия» қа­­ғидаты бойынша шынайы және мық­ты көшбасшыларды партия қата­ры­на тарту, белсенді және бастамашыл аза­маттар үшін «әлеуметтік лифт» құру, елді дамыту мәселелерін тал­қы­лауға көпшілікті жұмылдыру, аймақ­тар­дағы жүйелі жұмыс үшін өзекті мә­селелерді анықтау, сондай-ақ кан­ди­даттардың жеке жауапкершілігін арттыру көзделеді. Өз кезегінде Саяси менеджмент мек­тебі праймеризге қатысушыларға ар­налған «Праймериз. Жария саясат. Де­путаттың бейнесі қандай болуы ке­рек?» деп аталатын оқу бағдар­лама­сы­ның басталатыны туралы хабар­ландыру жариялады. Семинарларда белгілі саясаттану­шы­лар, мемлекеттік және қоғамдық қай­раткерлер, психологтер спикер ретін­де сөз сөйлейді. Олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар. Оқыту бағдарламасы онлайн ре­жим­де өтетін 4 модульден тұратыны ай­тылды. Олар: партияішілік іріктеу-прай­меризін іске асыру механизмі, прай­меризді өткізудің халықаралық тәжірибесі, депутаттың биліктегі рөлі мен орны, депутаттың бейнесі, имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қа­лыптастыру, саяси шешендік.  

Клара НАҚЫП