Праймериз тең мүмкіндіктер ұсынады
Праймериз тең мүмкіндіктер ұсынады
Осылайша, «Nur Otan» өзінің елдегі және халықаралық аренадағы жаңашылдыққа ұмтылған, заманның ағысын сезіне алатын саяси ұйым екенін тағы бір рет дәлелдеді. Негізінен, бұл шешім ая­қас­ты­нан туындамағанын елдегі сая­си жаңалықтардан хабары бар отандастарымыз  жақсы бі­леді. Праймериз дегеніміз – бар­лығына тең мүмкіндік. Яғни, елі­не, жеріне жаны ашитын, күш-қуаты мен білімін, ақыл-па­расаты мен  тәжірибесін ел мүддесі үшін паш етіп, қоғам­ның дамуына өз үлесін қосамын деушілерге  айқын жол болмақ. Бұған дейін де «Nur Otan» пар­тиясы тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсы­нылған кандидаттар алды­мен партияішілік праймеризден өтіп келген болатын. Бұл жолғы праймериз сайлаулары сол бая­ғы тәжірибені жетілдіріп,  нағыз көшбасшыларды анықтау, тұр­ғылықты жерлердегі көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын кең көлемді талқылауға салға­ны­мен өзгеше. Жаңа бастаманың тағы бір көңіл көншітетін тұсы, бұрын пар­тия қатарында болмаған аза­маттардың да партия атынан түр­лі сайланбалы органдарға ұсы­ныла алатынында. Бұл пар­тия қатарындағы мүшелер са­нын арттырып қана қоймай, жаңа есімдердің, жаңа белсен­ділердің тәрбиеленуіне де себеп болмақ. Партия тарапынан ұсыныла­тын тізімде әйелдер мен жастар қауы­мына және жергілікті өз­ге­­шеліктерді ескере отырып, белгілі бір топтардың өкілдеріне ба­сымдық берілуі көзделуде. Бұл өз кезегінде қоғамымыздағы өзекті мәселелерді анықтап, тиіс­ті деңгейде мәселе көтеруге мүм­кіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, прай­мериз арқылы үміткерлерді анық­тау үрдісі өте тиімді әрі дер кезінде қабылданған шара. Ал­дағы уақытта өз жемісін бе­реріне сенімім мол.  

Фахриддин ҚАРАТАЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі