Бүгін үміткер ұсыну басталады
Бүгін үміткер ұсыну басталады
137
оқылды
 Аталған қаулыға сәй­­кес, Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, об­лыс­­тардың әкімдері Сенат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру, ма­­териалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде ша­ралар қабылдауы тиіс. Айта кетейік, Сенат Кон­с­ти­туция­лық заңда белгіленген тәртіппен әр об­лыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ел астанасынан 2 адам өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сай­ланған Сенат депутаттарының жар­тысы әр үш жыл сайын қайта сай­ланады. Парламент Сенаты депутат­тары­ның сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге Орталық сайлау комиссиясы бас­шылық етеді. Тиісті аумақтық сай­лау комиссиялары Парламент де­пу­тат­тарының сайлауын өңірлерде дайын­дауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Сондықтан Орталық сайлау ко­мис­сиясы Президент қаулысы жа­рия­ланған күні, яғни кеше Сенат депу­тат­тарының сайлауына байланысты   он­лайн режимде отырыс өткізді. Орталық сайлау комиссиясының тө­рағасы Берік Имашевтің айтуынша,  осы жылдың қазан айында Сенатқа 2014 жылы сайланған 17 депутаттың өкі­леттік мерзімі аяқталады. Осы­лай­ша, 12 тамызда Парламенттің жоғарғы па­латасына 17 өңірден бір-бір депу­тат­тан сайлануы қажет. «Сенат депутаттарын жанама сай­лау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихат депутаттары сайлайды. Оларды (мәс­лихат депутаттарын – авт.) өз кезегінде республика азаматтары сайлады. Осы­лайша, ел азаматтары өз өкілдері ар­қы­лы Сенатты қалыптастыруға қаты­са­ды», – деді ОСК төрағасы өз сөзінде. Онлайн режимде  өткен бұл оты­рыста Сенат депутаттарын сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жос­пары бекітілді.  Аталған жоспарға сәй­кес, Сенат депутаттығына канди­дат­тарды тіркеу барлық қажетті құжат­тарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқ­та­ла­ды. Сайлау алдындағы үгіт-насихат кан­дидаттарды тіркеу мерзімі аяқ­талған кезден, яғни 2020 жылғы 23 шіл­деде сағат 18.00-ден кейін баста­ла­ды және дауыс беру күнінің алдындағы күн­гі жергілікті уақыт бойынша 11 та­мызда сағат 00.00-де аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімде, яғни 2020 жылғы 14 қазанға дейін Сенаттың жаңадан сайланған депутаттарын тіркейді.   senat Сенат депутаттарының өкі­леттік мерзімі 6  жылды құрайды.  Сенаттың 15 депутатын Қазақстан Президенті тағайындайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 1998 жылғы қазанға дейін 4 жыл болса, 1998 жылғы қазаннан бастап 6 жылға ұзартылды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Конс­тантин Петровтың айтуынша, Парламент Сенатының депутатты­ғына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 13 маусымнан бас­талады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша 2020 жылғы 12 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады. «Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының депутат­тығына кандидаттар ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады. Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың, респуб­ликалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарды сайлауға және олар­дың сайлануға құқы жоқ. Соттылығы заңда белгіленген тәр­тіппен өтелмеген немесе алын­баған адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын және сы­байлас жемқорлық құқық бұзу­шылығын жасағаны үшін кінә­сін сот заңда белгіленген тәртіп­пен таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­тының депутаттығына кандидат бола алмайды», – деді ол. Орталық сайлау комиссиясы­ның төрағасы Берік Имашев сайлау комиссиялары сайлау процесінің заңдылығы мен жа­рия­лығын қамтамасыз етумен қатар, сайлауды барлық қатысу­шы­лардың денсаулығы үшін  қауіпсіз жағдайда өткізуге басымдық  береді. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды. Сенат депутаттарын сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған пункттердi аша бастауы тиiс. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау ке­зiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз басталады. Дауыстарды санау әрбiр кандидат, әрбiр саяси партия бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы ашуы тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн жәшiктердi ашуға тыйым салынады. Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихатынан, республикалық маңызы бар қа­ланың немесе Республика аста­насының мәслихатынан өкiл болатын сайланған депутаттар санының елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады. Егер Сенат депутатын сайлау жө­нiн­дегi отырыста болған таңдау­шылардың елу процентiнен аста­мы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi. Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қала­лық (республикалық маңы­зы бар қала мен республика аста­насы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатыса­ды.   Бiрлескен отырыс тиiсiнше об­лыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады. Айта кетейік, Орталық сай­лау комиссиясының баспасөз орталығы карантин және қауіп­сіздік шараларын сақтау мақ­сатында  онлайн режимінде жұмыс істейтін болды.  

Айдана БЕГІМ