2 адам жоғалып кетті
2 адам жоғалып кетті
фото: ашық дереккөз
227
оқылды
Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола облысында үйінен шығып, қайтып оралмаған 43 жастағы әйел мен 21 жастағы жігітке іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, 12 маусымда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1977 жылы туған сіңілісі Қарлығаш Сапарбекқызы Ахметжанованы іздеп табуға көмек сұрады. Ол маусым айының 2-де туыстарының үйінен шығып кеткен, содан хабар кеткен. «Тәртіп сақшыларына оның мамыр айынан бастап, әпкесімен бірге тұрғаны ғана белгілі. Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жоқ. Бұрын істі болған емес», - дейді ведомстводан. Қарлығаштың бойы 155 - 160 см, ботакөзді, қара шашты. Үстіне көк джинсы, қара жиде киген. Сонымен қатар, маусымның 11-де Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Қоянды ауылының 54 жастағы тұрғыны хабарласып, 28.12.1999 жылы туған ұлы Хайрат Медетті іздеп табуға көмек сұрады. Әкесінің айтуынша, ұлы 31 мамырында кешкі сағат 18:30 шамасында үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған. Оның 165-170 см, дене бітімі арықша, бет бейнесі азиялыққа ұқсайды. Үстіне қара жейде, жасыл түсті шорты мен аяғына қара красовка киген. Тәртіп сақшылары жоғалған азаматтарға қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуды сұрайды.