Құнанбайдың портреті
Құнанбайдың портреті
Мұхтар Әуезов 1933 жылы жарық көрген «Абайдың туысы мен өмірі» тақырыбындағы ақын­ның өмірбаянында Құнанбай кесек мінезді қатты адам болғанға ұқ­сай­ды деп сипатталған. Бұл күнге дейін ел есінде қалған әр­түрлі сөздерге қарағанда, бұл: «Бір қалыпты, суық, тартымды, қат­ты мінезді кісі болған»  деп суреттеледі. Аға сұлтан, қоғам қайраткері  Құнан­бай қажы жайында ел жадын­да қалған аңыз-әңгіме аса көп... Семейдегі Абай музей­інің ғылыми қызметкері бол­ған Мұздыбай Бейсенбаев М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының көркемдік шешімі­­нің сырына үңіліп, құпиясын тапқан­ға ұқсайды. Тобықты елі­нің өз заманындағы абыройы асқақ, беделі биік Құнанбайынан әдеби­­ кейіпкер –  Құнанбай бейне­сі жасалған. Ал Әрхам Ысқақов «Абайдың әкесі Құнан­бай бір анадан жалғыз болып, қатыбас, қытымыр, суық пішінді, үй ішіне жылы шырай бермейтін адам екен» деп суреттеген. Құнанбайды көрген поляк зерттеушісі Адольф Янушкевич адам оның іскерлігі мен кісілігіне қатты риза болған сыңайлы. Янушкевич пен Құнанбайдың арасында бетпе-бет кездесулер 1846 жылы маусымның алғашқы жартысынан тамыздың екінші жартысына дейін Құнанбай ауылында болған.  Бұған поляк зерттеушісінің жолжазбасы мен күнделігінен бөлек, басқа да дерек пен дәйек толып жатыр. А. Янушкевич өз күнде­ліктерін­де: «Құнанбай би Барақ сұлтаннан бір-екі жас үл­к­ен. Бұл  – бүкіл елге әйгілі адам. Қарапайым қара халық­тан шыққан Құнанбай жара­тылысынан ақыл-парасат дарыған, керемет зерек, қара тілге шешен, байыпты, тыңғылықты кісі»  деп өзінің байламды бағасын береді. А.Янушкевич тағы бірде: «Жасы­нан ол сұлу жігіт екен, қазір шешектің дағынан беті шұбар болып қалған. Бұдан бірне­ше жыл бұрын қатты шешек шығып, өлім аузынан қалыпты. Құнан­бай бұлбұлдай сайрап сөйлеп кеткен­де, тыңдаған халайық беті­нің бұдырын мүлде ұмы­тады», – дейді. Академик Әлкей Марғұлан (1904-1985) «Казахское народное при­кладное искусство» альбом кітабы­ның бірінші бөлімінде «Кос­тюм Кунанбая и его жены» фото 1854 г» деген сөз жазылған фото­­сурет бар. Осы сурет жайында М.Бейсенбаев Абай музейінің ғылы­­ми қызметкері «Құнанбай қажы» атты мақаласында өз дәлел­дерін айқын, ашық білдіреді. Бұл қолдан-қолға көшіп жүрген фото  – 1982 жылы «Жұлдыз» журнал­ының 4-санында академик Әлкей Марғұ­лан өзінің «Ақын туған орта» деген зерттеуімен бірге жария­лан­ған «Құнанбай мен Нұрғаным фотобейнесі» деген сурет. Оған автор «Түрі жүдеу, оң жақ көзі соқыр, жанында қымыз құйып отырған жас бәйбішесі – Нұрғаным. Үйі де бірталай жүдеп, ескіре бастаған, көп жері жыртылған»  деп түсінік берген. Бірақ сурет қай архивтен тауып алынды, оның Құнан­бай мен Нұрғаным екені қалай анықталды, ол жағы мүлде айтыл­­майды. Сондықтан біз бұл фотоға үлкен күдік келтіреміз. Өйткені суреттегі адамдардың киім киісі мен кейбір тұрмыстық заттар­­­ының ұсқыны Орта жүздегі арғын-тобықты елінің үлгілеріне ұқсамайды. Екіншіден, Құнанбай істі бол­ып, қуғын көргенде мал-мүлкі­­нен айырылып, жоқтық тар­тып, кедейленіп жыртық киіз үйде отырған жоқ. Оның өзі түгілі бала­лар­ында үйір-үйір жылқы, мыңғыр­ған қой, шалқып жатқан байлығы болған. Фотодағы киіз көрінісі де – Құнанбайдың сән-сал­танатына келмейтін орта шару­аның баспанасы... Үшіншіден, фотодағыдай емес, Нұрғаным да ірі денелі, толық адам болған. Ел-жұрты оны «Май апа» дейді екен. Міне, осы айтылғандардың өзі-ақ бұл фотобейнеге күдікпен қарауға  негіз болады. Тегінде тарихи тұлғаларға келгенде әрбір дерекке аса сақтықпен қараған жөн. Аталмыш фотосурет Қазақстанның басқа бір елді мекенінде түсірілген деген болжамға көп келіңкірейді. Ол заманда елдің шығысында айыр қалпақ кию дәстүрі болмаған. Фотодағы ақ айыр қалпақ –қырғыз үлгісі, ол елде кең тараған баскиім екенін соқырға таяқ ұстатқандай, айқын бағдар нұсқап тұрғандай сезіледі. С.Қасиманов «Қазақ халқы­ның қолөнері» кітабында «Әйел киімдерінің де әр аймақта әртүрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар» деп кимешектің үш түрін фотода жариялаған. Молдабек Жан­болатов «Тобықты Шыңғыстау шежіресі» жинағының І томында Тобықты үлгісіндегі кимешек жау­лық киген әйелдің фотосуретін көрсеткен. Осындай қазақ киім үлгілерін ХІХ-ХХ ғасырдағы түсірілген тарихи фото­суреттерден  көре аласыздар.  

«Құнанбай қажының көзі­­­­не найзаның ұшы тиген, содан соқыр болған» деген ел аузындағы сөздер шындыққа жанас­­пайды, ал шындығында көзіне ақ дақ түскен, ол қатты ауырғаннан пайда болған дегенге сенуімізге әбден болады. Абай­дың әйгілі әкесі Құнанбай – өз заман­дастарынан оқ бойы озық тұрған ақыл­­ды да зерек, шешен адам, аға сұлтан болып ел билеп, халқының қошеметіне бөленген тарихи ірі тұлға.

  Ең басты дерек фото ісі жай­ын­да болмақ. Наталья Перцева құрастырған «Пер­вый фотограф степного кр­ая» атты мақаласында ХІХ ғас­­­ы­­р­­­дың ортасында Томск губерниясынан қоныс аударған, Соломон Лейбин-алхимик Сем­­ей (Семипалатинск) қала­­­сында өзінің жеке фото ісін ұйым­дастырған. Семей облыс­ында алғашқы фотосуретке түсіру өнері сол кезден бастау алған. Соломон Лейбин кейін­нен Верный (Алматы) қала­сына қоныс аударған. Оның ісін балалары жалғастырған. Осы мәліметтерге қарағанда, Шыңғыстау өлкесінде фото­суретке түсіру кейінірек бол­ған сыңайлы. Шамасы, 1860-1870 жылдар болса керек деп топшылаймыз. 2008 жылы баспадан шыққан Шәкәрім энциклопедиясының 504- бетінде жарияланған Құнан­бай Өскенбайұлы фото­суреті мүлде басқа адамдікі. Ол кімнің фотобейнесі екені түбегейлі зерттелмеген. Біздің ойымызша, Құнанбай қажы –жасынан өнегелі мұсылман болған адам, дінді берік ұстанған кісі, сол себепті суретке түсуді жақтыртпаған болуы мүмкін... «Құнанбай қажының кө­зі­­­­­­не найзаның ұшы тиген, содан соқыр болған» деген ел аузындағы сөздер шындыққа жанас­­пайды, ал шындығында көзіне ақ дақ түскен, ол қатты ауырғаннан пайда болған дегенге сенуімізге әбден болады. Абай­дың әйгілі әкесі Құнанбай – өз заман­дастарынан оқ бойы озық тұрған ақыл­­ды да зерек, шешен адам, аға сұлтан болып ел билеп, халқының қошеметіне бөленген тарихи ірі тұлға. Мұхтар Әуезов роман-эпопеясының бірінші бөлімінде ұлы Абайдың бала күніндегі әкесі Құнан­бай­­дың бейнесін суреттеуі сурет­шілер үшін аса маңызды дерек болуы керек деп ойлаймыз. Бұған себ­еп – төмен­дегі суреттеу кімнің де болса назарын өзіне аударары анық жай: «Қырын отырған әкесі­нің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді. Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығ­ып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр... Кейде ұғымсыз сөз­­ден іші пысып, әкесінің пішіні, тұлғасына қарап, қадалып қалады. Тегінде ертекші, өлеңші, не бас­­­­қа әңгімеші адамға талай уақ­ыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абай­­дың кішкентай күнінен бер­­­гі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін... Әкесінің ат жақты кел­ген, ұзын сопақ басының құлақ­тан жоғары жері қаз жұмырт­қасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосыл­ғанда басы мен беті бір өңірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші. Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарай­ды. Кірпігін де сирек қағады. Иығы­на бота ішігін жамылып, шалқая отырып сөйлеген Құнанбай осы  үйде әркімге қарамайды». Міне, Мұхаң жасаған Құнан­бай бейнесі осындай. Әлем­дік көркемсөзде сирек кездес­етін аса күрделі бейненің бірі – бұл. Құнанбай образы Қазақстан­ның бейнелеу өнерінде де айтар­лық­тай орын алмаған. Осы олқылықтардың орнын тол­­тыру суретші-шеберлердің міндеті деп білеміз. Соңғы жыл­дары Құнанбай қажының бейне­пішінін графикада бейнеледім. Ы.Мусиннің шығармалар жина­ғ­ының бірінші кітабының 13-бетінде басылды. Сол суреттің астыңғы жағында «Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған, қажы, мырза Құнанбай Өскен­байұлы» деген сөз жазылған. Құнан­­­бай қажы – еңселі, ұзын бойлы адам. Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған жал­ғыз ұлы Құдайбердінің Дәметкен (Төлебике) дейтін бәйбі­­ше­сінен туған төртінші, кенже ұл – Шаһкәрім. Ал Шәкә­рім атамыз ұзын бойлы, келбетті де көрікті адам болған екен. Шама­­­мен бойы 1 метр 80 см болса керек. Онда  Құнекеңнің бойы қандай екенін шама­­лай­мыз. Тегінде Құнанбайдың балалары түгел­дей бойшаң екені бізге, яғни суретшілерге қиын соқпайды. Хакім Абайдың дене бітімінің ірі­­лігі мен бойшаң болғанына көз жеткізуімізге болады. Бейнелеу өнерінде сонау заман­­­дардан келе жатқан ереже-қағи­­да қалыптасқан, ол адам басы­­ның биіктігі төбеден иектің астына дейінгі өлшемі тұлға­сына жеті рет өлшеніп салынады, болмаса одан да асып кетеді. Сол ережеге сүйенсек, Абай атамыз­дың бойы да еңселі болып шығады және орта бойлы дегенге келмейді. Жоғарыда атап кеткендей, Құнан­­бай атамыздың «басы мен беті бір өңірдей» деп суреттелгені шындық. Бейнелеу өнерінде алды­­мен графитті сурет жасал­ады. Бұл қағида бейненің суре­тін нақты зерттеп шығару граф­икадан, яғни суреттен басталады. Одан соң, басқа материалдармен жұмыс істеуге мүмкіндіктер ашыла береді. Адам бейнесін айқын бейнелеу – графиканың да, кескіндеменің де мүсін жасау өнерінің де алғышарты әрі міндеті. Бейнелеу өнерінде адам бейнесін сомдау немесе сурет материалдарымен көркем бейн­елеп шығару –  аса күрделі іс. Адамның сурет-бейнесі тек әде­биет­те немесе ел аузында қалған әңгі­ме­лер негізінде жасал­са, әрине ондай сурет, әйт­песе портрет дерек­ті деп айта алмаймыз. Суретші міндеті адам бейнесін шындыққа, яғни  образға мейлінше жақындату,  көр­­кем елестету. Көрермендерді Құнан­­бай бейнесіне еніп кетуіне мәж­бүр ету, соған себеп болу. Бұл Абай­тану әлеміне қосқан парыз деп ұғамыз.  

Нұрбұлан ӨТЕПБАЕВ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі