Тоқаев карантин талаптарына мұқият болуға шақырды
Тоқаев карантин талаптарына мұқият болуға шақырды
фото: ашық дерекккөз
282
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин талаптарын сақтап, барынша мұқият болу керектігін еске салды.
«Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтырып алғаны айтылған болатын. Осы жағдайдан кейін Мәжіліс мәлімдеме жасады.