«Бақытты отбасы» - 2%-бен баспана береді
Қазақстандағы ипотекалық бағдарламалардың ішінде жылдық мөлшерлемесі ең төмен 2%-ды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қарасты «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламасы ұсынып отыр. Бағдарлама негізінен табысы төмен немесе көп балалы, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға арналған. Алғашқы жарна заем сомасының 10%-ы. Яғни, 10 млн теңгеге үй алатын болсаңыз, алғашқы жарна ретінде 1 млн теңге төлеуге тиіссіз. Бұл ипотекалық несиені 20 жылға дейін төлеп бітуге міндеттісіз.
Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында үйдің бағасы 15 млн теңгеден аспауы керек. Заем сомасы басқа аймақтарда 10 млн теңгеге дейін қарастырылған.
Қандай үйлерді сатып алуға болады? «Бақытты отбасы» арқылы жаңа салынған үйден жаңа пәтерді, қолданыста болған пәтерді, жеке тұрын үйді сатып алуға болады.
Табыс көлемі қанша болуы керек? Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі екі күнкөріс минимумынан артық болмауы керек. Биыл күнкөріс минимумы 62 366 теңгеге тең.
Кіріс ретінде не ескеріледі? Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады. Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда қосымша табысты қосып есептей аласыз. Мысалы, отбасында алты адам болса, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін ең жоғарғы табыс келесідей болады:
6 адам х 62 366 теңге = 374 196 теңге
Қосалқы қарыз алушыны тарту жолдары қарастырылған. Егер сіз өтінім берген кезде жұмыссыз болсаңыз немесе кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады.
Баспананы 3,5%-бен алу үшін не істеу керек?
Алдымен кез-келген банк төмен пайыз есептеу үшін жоғары талап қоятынын түсініу керек. Мысалы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 3,5 процентпен ипотека береміз деген жарнамасы кімді де болса елең етерлік-ақ. Бірақ төмен пайызды банк кез-келгенге есептеп бере алмайды. Мысалы, құны 10 млн теңге тұратын пәтердің 5 млн теңгесін бірден банктегі есеп шотыңызға салып, 4 жыл күтсеңіз, қалған 5 млн теңгені Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сізге 3,5 процентпен есептеп береді. Неге 4 жыл деген сұрақтың туындауы заңдылық. Банк әр жыл сайын есеп шоттағы қаражатқа 100 мың теңге көлемінде сыйақы береді. 3,5 пайызды алу үшін сыйақының межесі 480 мың теңгені құрауы керек. Сосын барып қалған 5 млн теңгені банк сізге 3,5 процентпен есептеп береді.
Кез-келгеннің қалтасында 5 млн теңге дайын тұрған жоқ. Тіпті, ең тиімді деген мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың алғашқы жарнасын мысалы, 10 процентін төлей алмай, соның өзін несиеге алатындар бар. Сондықтан 3,5 процент бұйырмайтынын сезсеңіз, 5 проценпен алуға мүмкіндік бар. Ол үшін баспана бағасының 50 процентін 3 жыл көлемінде жиынап үлгеруіңіз керек. Шамамен ай сайын 150 мың теңге төлеуге тиіссіз.
«Нұрлы жердің» несие мөлшерлемесі – 5%
Тұрғын үй құрылыс жианақ банкіне қарасты «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының несие мөлшерлемесі – 5%-ға дейін. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2%-дан басталады. Бастапқы жарна – үй құнының 20%-ын құрайды. Бұл бағдарлама да жергілікті әкімдікте кезекте тұрғандарға арналған. Қарыз беру мерзімі негізінен 8 жыл. Табыс көлемі мен кіріс көзіне байланысты мерзімді 10-15 жылға дейін ұзарту қарастырылған. Баспана тек «Нұрлы жер» арқылы салынған жаңа үйлерден беріледі. Қарыз беру көлемі 45 млн теңгеге дейін қарастырылған.
«5-10-20-ның» артықшылығы қандай?
Біріншіден, несие мөлшерлемесі 5%. Екіншіден, «5-10-20» бойынша бастапқы жарна 10%-тен басталады. Яғни үй бағасының 10%-ін қолма қол ақша ретінде төлеу керек. Үшіншіден, несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін. Төртіншіден, «5-10-20» бағдарламасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Әр ипотекалық бағдарламаның өз талап-шарттары бар. «5-10-20» әлеуметтік осал топтарға бағытталған бағдарлама болғандықтан негізгі талаптарының бірі отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан төмен болуы тиіс. Биыл базалық әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған күнкөріс минимумы – 32 668 теңгені құрайды. «5-10-20» арқылы үй алу үшін әр отбасы мүшесінің табысы 101 271 мың теңгеден аспауы тиіс.
«5-10-20-ның» талаптары қандай? Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр. Баспана бағасы Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн теңгеден аспайды. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды. Басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспауы тиіс.
«7-20-25» шарттары қандай?
Бұл бағдарламаның несие мөлшерлемесі – 7%. Алғашқы төленетін жарна – 20%. Қарыз 25 жылға есептелінеді. Тек жаңа үйлер ғана қарастырылған. Тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент үшін 25 000 000 теңге, басқа қалалар үшін 15 000 000 теңге.
«Баспана Хиттің» жылдық мөлшерлемесі – 11,25%
Бұл бағдарлама арқылы қолданыста болған үйлерді және жаңадан салынған баспаналарды алуға болады. Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 11,25%. Ставка Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне сәйкес өзгеріп отырады. Алғашқы төленетін жарна 20% болса, қарыз беру көлемі 15 жылға беріледі. Құны 25 млн теңгеге дейінгі бастапқы және қайталама тұрғын үйлер Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында беріледі. Басқа өңірлер үшін үй бағасы 15 млн теңгеге дейін. Табысы расталған кез-келген азамат қатыса алады. Несие алушының атында үй болған жағдайда да қатыса алады.
«Орда» үйді 13%-бен береді
Қазақстандағы тиімді ипотекалық бағдарламалардың тізіміне «Орда» ипотекасын да жатқызып отырмыз. Бұл бағдарлама жаңа және қайталама тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік бар. Банк қарыз сомасын 40 млн теңгеге дейін береді. Мерзімі – 240 айға дейін. Банктің ипотекалық ставкасы – 13%. Сыйақы мөлшерлемесі – 12%-дан басталады. Бастапқы жарна – 30%-ды құрайды. Бастапқы жарнаны қосымша кепілмен ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. Табысы расталған кез-келген азамат қатыса алады. Несие алушының өз атында үйі болса да несие ала алды. Бағдарламаға қатысатын аймақтардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен бар.
- Банктер ұсынған ипотекалық бағдарлама арқылы жаңа үйлерді және нарықтағы баспаналарды алуға болады;
- Ипотекалық қарыз бойынша жылдық мөлшерлеме 16,5% - дан 22% - ға дейін;
- Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% -нан басталады. Сондай-ақ барлық банктер жылжымайтын мүлік түріндегі кепіл жарнасын ауыстыруға дайын;
- Қарыз беру уақыты 20 жылға дейін;