Петропавлда көлік құрылыс кранының астында қалды
Петропавлда көлік құрылыс кранының астында қалды
фото: ашық дереккөз
171
оқылды
Петропавлда жол апаты болды. Көлік жүріп бара жатқанда құрылыс кранының астында қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Петропавлда қызық жол апаты болды. "ГАЗ" көлігінің 51 жастағы жүргізушісі құрылыс кранынан басып озғысы келеді. Қаладағы адам көп көшелердің бірінде кранды трактормен тасымалдап бара жатқан. Бірақ "ГАЗ" көлігі кранмен соғысады да, салдарынан астында қалып қояды.
"Жол-көлік оқиғасында ешкім зардап шекпеді. "ГАЗ" көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін табылды. Полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 611-бабының 2-бөлігіне және 210-бабына сәйкес хаттама толтырды", - леп хабарлады СҚО полиция департаментіндегілер.
"ГАЗ" көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді.