UFC-дегі алғашқы қазақстандық спортшы қыздың жекпе-жегін қайдан көруге болады?
UFC-дегі алғашқы қазақстандық спортшы қыздың жекпе-жегін қайдан көруге болады?
фото: ашық дереккөз
299
оқылды
UFC алаңында алғаш рет қазақстандық спортшы қыз өнер көрсетеді. Жекпе-жекті ертең, 14 маусымда тікелей эфирде тамашалауға болады. Жексенбі күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC on ESPN 10 турнирі өтеді. Онда бірнеше айқас көрсетіледі. Алаңға шығатын спортшылар арасында қазақстандық спортшы Мария Агапова да бар. Оның қарсыласы - америкалық Ханна Сайферс. UFC on ESPN 10 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 04:00 кезінде басталады. Алдын ала болжам бойынша, Мария Агапованың жекпе-жегі таңғы 07:00 шамасында болады. Еске сала кетейік, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапованың ММА бойынша ең ірі промоушн - Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз. 23 жастағы спортшы Мария Агапова әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізетіні хабарланған.