Электронды үкіметтің бірқатар жобалары уақытша істемейді
Электронды үкіметтің бірқатар жобалары уақытша істемейді
фото: ашық дереккөз
5,523
оқылды
Электронды үкіметтің бірқатар жобалары жаңартылатындықтан уақытша істемейді, деп хабарлайды Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясы. «Жобалар бойынша жаңартулардың өткізілуіне байланысты бүгінгі сағат 21:00-ден бастап келесі күнгі сағат 07:00-ге дейін төмендегі жобалардың қол жетімсіз/қысқа мерзімді қол жетімсіз болуы мүмкін екендігін хабарлаймыз», -делінген хабарламада. Олардың қатарында төмендегілер бар: 1) ЭҮШ (Электрондық үкіметтің шлюзі); 2) Жеке тұлғалар МДБ; 3) Заңды тұлғалар МДБ; 4) Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі; 5) «Е-нотариат»; 6) Мобильді үкімет; 7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО); 8)Электронды үкімет порталы; 9) «Монополист» базасы СБӨ; 10) «Тахограф» СБӨ; 11) «Кәсіпкерлер субъектілерінің реестрі» СБӨ; 12) Үкіметтік емес ұйымдар ДБ СБӨ; 13) Ақпарат жинауға арналған робот СБӨ