Атлантада полицей афроамерикалықты атып өлтірген кафе өртенді
Атлантада полицей афроамерикалықты атып өлтірген кафе өртенді
фото: ашық дереккөз
189
оқылды
Атлантада Рэйшард Брукстің қазасынан кейін басталған наразылық шарасының қатысушылары афроамерикалық атылған кафені өртеп жіберді, - деп хабарлайды  РИА Новости. Шеру Атлантада 27 жастағы Рэйшард Брукстің өлімінен кейін басталды. Полицияның мәлімдеуінше, жұма күні құқық қорғау органдарына Wendy's жылдам тамақтану кафесінің алдын жауып қалған автомобильде ұйықтап отырған ер адамға шағым түскен. Ведомство ақпараты бойынша, Брукс мас болған, полицейлер оны тұтқындамақ болғанда ер адам полиция қызметкерінің электрошок қаруын жұлып алып, қашып кеткісі келген, содан кейін оған оқ атылған. Брукс операциядан кейін ауруханада көз жұмды. Ал наразылық білдірушілер сенбі күні автокөліктерді өртеп, терезелерді шағып, жолдарды жауып тастады. "Атланта өрт сөндіру бригадалары Wendy' s-тегі өртке қауіпсіз жету мүмкіндігін күтіп отырды... Мейрамханада толығымен от сөндірілді және ол жанармай құю бекетіне жақын орналасқан", - делінген жергілікті өрт сөндіру қызметінің Twitter-дегі мәлімдемесінде. Жанған ғимараттың ішіндегі адамдар туралы ақпарат жоқ. CNN тілшілері наразылық шараларына қатысушылар өртсөндірушілердің жүруін қиындатқанын айтты. Бұған дейін телеарна полицияның көшеге шыққандарды жас ағызатын газбен таратпақ болғанын хабарлаған. Атланта полициясының басшысы отставкаға кетті, қала мэрі оқ атқан полицейді жұмыстан босатуға бұйрық берді.