Бурабай демалыс аймағын қоқыстан кім тазартады?
Бурабай демалыс аймағын қоқыстан кім тазартады?
Белгілі саяхатшы, Қазақстан ұлттық география қоғамының өкілі Нұржан Алғашов Бурабай демалыс аймағының қоқыстың астында қалғанын әлеуметтік желіде жазып, әкімдікті сынға алды. «Бурабайдың бүгінгі кейпі осындай. Әлбетте мына қоқыс осында келген демалушылардың тірлігі. Алайда менде Бурабай ауданының әкімдігі мен Бурабай ұлттық паркі өкілдеріне қояр сұрағым бар.
  1. Қоқыс жәшігін тазартып тұрмасаңдар, неге оны қойдыңдар?
  2. Осы аумақты тазалау мен қоқысын шығару кімге тиесілі, кім жауапты?
  3. Мұндай келеңсіздік қайталанбас үшін сіздер қандай әрекеттерді қолға алып жатырсыздар?
Құрметті облыс әкімі, «Қазақстанның Швейцариясы» деп атап жүрген демалыс аймағымыз осындай болу керек пе? Visit Akmola Турситік ақпарат орталығынан түсініктеме күтеміз» – деп саяхатшы фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Путешествуем по Казахстану» тобында жазды. Өздеріңізге белгілі пандемияға байланысты әлемнің бірқатар елінің курортты аймақтары өз есігіне құлып салды. Сондықтан биыл қазақстандықтар отандық туризмнің негізгі тұтынушыларына айналады. Бурабай - қоқыс